IJSO – International Junior Science Olympiad

2022 жылы 11 қазанда «Астана дарыны» орталығының базасында Колумбияда өтетін Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасына (IJSO – International Junior Science Olympiad) қатысу үшін іріктеу кезеңі өтті.
Елордалық мектептердің биология, химия және физика пәндері бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы мен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің ішінен 8 үміткер (Дарынды ер және қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, «NURORDA» лицейі, №6 Гимназия, НЗМ, РФММ) іріктеуге қатысты. Әр қатысушы барлық үш пән бойынша тапсырмаларды орындады.
Қатысушыларымызға сәттілік және финалға жолдама алуына тілектеспіз!