Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылдың 14 қазан күні сағат 10:00-де   №50 мектеп-лицейінің базасында (Күйші Дина 6)  «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңін өткізеді. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, оқу сауаттылығын арттыру.

Байқаудың қалалық кезеңіне аудандық кезеңде әр номинация бойынша І, ІІ, ІІІ орын иеленген оқушылар қатысады.