«Психолог жұмысында  арт- терапиялық әдістерді қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар 

2022 жылдың 13 қазан күні   «Астана дарыны» дарынды балалар мен  талантты жастарды анықтау және қолдау  орталығының психологиялық қызмет бөлімі  жас педагог-психологтерге арналған  «Психолог жұмысында  арт- терапиялық әдістерді қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді.

            Семинар офлайын форматта  Астана қаласы,   Күйші Дина  көшесі 38/1  мекенжайындағы №33 «Алтын дән» балабақша базасында  өтеді. 

           Семинардың басталуы: сағат 12:30.

           Семинарды өткізу тілі: қазақша, орысша.