2022 жылғы 28 қыркүйекте «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, қоғам қайраткері, зерттеуші, аудармашы, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушылардың бірі М.О.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық панорамалық сабақ беру, эссе жазу конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты: мектеп мұғалімдерінің М.О.Әуезов шығармаларын оқытуда жаңашылдық таныту, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының қаламгер туындыларына ынтасын, сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың әдеби тіл байлығын кеңейту, баланың жазушылық машығын қалыптастыру, рухани құндылықты бойына сіңіру.
Конкурсқа: №№87 МГ, 57 ОМ, 72 МЛ, 74 МГ, 86 МГ, 83 МГ, 93 МЛ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Ережеге сәйкес конкурс екі бағытта өтті:
І. «М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» бөлімі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.О.Әуезовтің туындыларын шебер оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, құндылыққа негізделген сабақ жоспарын қорғады. Барлығы 9 мұғалім қатысып, келесі жүлделі орындарға ие болды:
І орын – №87 МГ;
ІІ орын – №93 МЛ;
ІІІ орын – №72 МЛ, 74 МГ;
Грамота –№57 ОМ, 86 МГ.
ІІ. «М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық негіздері» тақырыбында 9-11-сынып оқушылары эссе жазды. Барлығы 7 мектептен 25 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:
І орын – №86 МГ;
ІІ орын – №№74 МГ(2), 57 ОМ, 86 МГ;
ІІІ орын – №№87 МГ, 83 МГ(3), 86 МГ(3), 57 ОМ
Грамота – №№57 ОМ(3), 72 МЛ(2), 86 МГ, 93 МЛ.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!