«М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты  І қалалық панорамалық сабақ беру, эссе жазу  конкурсының қорытындысы

2022 жылғы 28 қыркүйекте  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, қоғам қайраткері,  зерттеуші, аудармашы, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушылардың бірі  М.О.Әуезовтің 125 жылдығына арналған  «М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты  І қалалық панорамалық сабақ беру, эссе жазу конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты: мектеп мұғалімдерінің М.О.Әуезов шығармаларын оқытуда жаңашылдық таныту, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының қаламгер туындыларына ынтасын, сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың әдеби тіл байлығын кеңейту, баланың жазушылық машығын қалыптастыру, рухани құндылықты бойына сіңіру.

Конкурсқа: №№87 МГ, 57 ОМ, 72 МЛ, 74 МГ, 86 МГ, 83 МГ, 93 МЛ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Ережеге  сәйкес конкурс екі бағытта өтті:

І. «М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» бөлімі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  М.О.Әуезовтің туындыларын шебер оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, құндылыққа негізделген сабақ жоспарын қорғады. Барлығы 9 мұғалім қатысып, келесі жүлделі орындарға ие болды:

І орын – №87 МГ;

ІІ орын – №93 МЛ;

ІІІ орын – №72 МЛ, 74 МГ;

Грамота –№57 ОМ, 86 МГ.

ІІ. «М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық негіздері» тақырыбында  9-11-сынып оқушылары эссе жазды. Барлығы 7 мектептен 25 оқушы қатысты. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:

І орын — №86 МГ;

ІІ орын — №№74 МГ(2), 57 ОМ, 86 МГ;

ІІІ орын — №№87 МГ, 83 МГ(3), 86 МГ(3), 57 ОМ

Грамота — №№57 ОМ(3),  72 МЛ(2), 86 МГ, 93 МЛ.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!