Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылдың 23 қыркүйегі күні №93 мектеп-лицейінің базасында (Ж.Нәжімеденов көш., 24) «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңін жалпы білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары арасында өткізеді.
Басталуы: сағат 10:00
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, оқу сауаттылығын арттыру.
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).