Кәсіби бағдар беру диагностикасы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі зияткерлік қабілеттерін анықтау мен болашақ түлектің талаптары мен сұраныстарына жауап беретін мамандық және оқу орнын таңдауға көмек көрсету мақсатында 7-11 сынып оқушыларының диагностикасы 2022-2023 оқу жылында жалғасатынын хабарлайды.

Диагностикадан өтіп, кеңес алу үшін оқушылар мен ата-аналар «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің Call-орталығы 8-(7172)-20-26-83 және 8-(776)-388-33-88 телефондарына хабарласып, сұраныс қалдыра алады.

Кәсіби диагностикадан өтуге нұсқаулық:

–    диагностикадан өту үшін, Call-орталықтың 8-(7172)-20-26-83 және 8-(776)-388-33-88 нөмірлеріне хабарласып, өтініш қалдырады (білім беру мекемесі, ата-аналар);

–    Сall-орталықтың операторы өтініш беруші туралы мәліметтерді базаға енгізіп, диагностикадан өтуге ыңғайлы күн мен уақытты белгілейді;

–    диагностикаға 1 күн қалғанда оператор хабарласып, тестілеу өтетіндігін еске салады (ұялы байланыс немесе әлеуметтік желілер арқылы);

–    диагностика өтетін күні тестілеу бойынша психолог-консультант  нұсқаулықпен таныстырады және шыққан нәтижелер бойынша талдау жасап, кеңес береді;

–    сіздің зияткерлік мүмкіндіктеріңіз бен қызығушылықтарыңызды анықтайды, бағыт береді;

–    сіздің талаптарыңыз бен сұраныстарыңызға жауап беретін жоғары оқу орындары туралы мәлімет береді.