2022 жылдың 09 қыркүйегінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі 1курс студенттерінің бейімделуі бойынша әдістемелік көмек мақсатында колледж педагог-психологтеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Бірінші курс студентінің колледж өмірі мен оқуға сәтті бейімделуі әрбір студенттің тұлға ретінде және болашақ маман ретінде одан әрі дамуының кепілі болып табылады.
Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің 20 педагог-психологі қатысты. Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина «Бірінші курс студенттерінің сәтті бейімделуіне жағдай жасау» тақырыбында сөз сөйледі, ол колледждің психологиялық қызметі жұмысының және оқу жылының басында бейімделу кезеңіндегі психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы айтты.
Сондай-ақ, өз сөзінде Хамзина К.М. студенттердің қиындықтарын анықтау және оларды жеңудегі дұрыс қолдау, білім алушылардың бейімделу белсенділігін, оқу үлгерімін және колледждегі білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Әдіскер бейімдеу іс-шараларын жоспарлау, психодиагностика жүргізу ерекшеліктеріне, сондай-ақ студенттермен топтық консультациялар мен тренингтерді қолданудың тиімді әдістеріне тоқталды.
Семинар соңында педагог-психологтерге бірінші курс студенттерінің бейімделу кезеңінде кураторлармен, педагогтермен және ата-аналармен атқарылатын жұмыс бойынша ұсыныстар берілді.