«Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының бастамалар тобын қолдау» жобасы аясында 2022 жылы 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Бақытты Шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларына тұрақты даму, қолдау және көмек көрсету қайырымдылық қоры» ҚҚ «Мектептегі буллинг: баланы қудалаудан қалай қорғауға болады?» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты: қоғамның назарын балалар арасындағы қудалау тақырыбына аудару, буллингке қалай қарсы тұру керектігін ата-аналар мен балаларға түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар қауымы, белсенді топтар, азаматтық сектор өкілдері, Білім басқармасының, ювеналды полиция қызметінің өкілдері қатысты.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Ж Бодикова «Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбында ата-аналар білуі тиіс сақтық шараларын, ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлінің маңыздылығы туралы айтып, бала мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылап отыруды ұсынды.
«Кибербуллинг жағдайында кімнен көмек аламыз және досымызға қалай көмектесе аламыз?» деген сұрақтар төңірегінде түсіндерме жұмыстары жүргізілді. «Бақытты отбасы» ҚҚ басшысы Б.С.Султанова іс-шараға қатысқан ата-аналармен, спикерлерге алғысын білдірді.