2022 жылы 8 қыркүйекте «Астана дарыны» ДДжПСО педагог- психологі Т. Сатымбекова Нұр-Сұлтан қаласының № 8 мектеп-лицейі ата-аналарына «Біздің бала бірінші сыныпта» тақырыбымен семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу бойынша ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңі ата-аналар үшін өте маңызды және жауапты, сондықтан психологиялық қызмет бөлімі тексерілген материалдарды пайдаланады. Отбасылық тәрбие институты ұсынған презентациялар мен роликтер педагог-психологтерге ата-аналар қауымдастығымен жұмыс барысында өте өзекті және пайдалы.
Семинарға 100-ден астам ата-аналар қатысты, олар оқу жылының басында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу іс-шараларының жоспарымен танысты және бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті өтуіне бағытталған психологтердің пайдалы кеңестерін алды. Сондай-ақ, баланың мектеп кезеңінде кездесетін қиындықтарды қалай бірге жеңу жолдары жайлы ата-аналарға құнды ұсыныстар берді.
Семинарда ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарға психологтен жауап алды.
Біз барлық бірінші сынып оқушыларына осы кезеңнен сәтті өтуді, сабақты жақсы оқуды, мектеп өмірінен толық жағымды эмоциялар алуды, ал ата-аналарға шыдамдылық пен төзімділікті тілейміз.