Республикалық ғылыми жобалар конкурсының (қалалық) кезеңі

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022-2023 оқу жылындағы жоспары негізінде Республикалық ғылыми жобалар конкурсының (қалалық) кезеңіне өту үшін іріктеу кезеңі өткізілетінін хабарлайды.

І тур –ғылыми жоба жұмыстарын плагиатқа тексеру;

ІІ тур –сараптама.

8-11 сынып оқушыларының ғылыми жоба жұмыстарын антиплагиатқа тексеру үшін 2022 жылғы қыркүйек айының 26-30 күндері аралығында әр оқушының ғылыми жоба жұмысының электрондық нұсқасын CD-R немесе DVD-R дискісінде аты –жөнін, сыныбын, секциясын, мектебін толық сыртына жазып тапсыру қажет (әр жоба жеке дискке жазылады).

Жұмыс жазылған дисктер тек директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларынанқабылданады. (оқушылар мен ата –аналардан, мұғалімдерден қабылданбайды).

Плагиаттан 50 пайыздан жоғары алған оқушылардың жұмыстары               ІІ кезеңге (сараптамаға) өтеді.

Ескерту: ғылыми жобалар конкурсына қатысушылардың дисктегі жұмыстары көрсетілген уақыттан кейін қабылданбайды.

         Қосымша мәліметті мына мекен–жай бойынша ала аласыздар: «Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел даңғ. 55/13, 5 пост, блок С2.1, ұ.т.87021228396.