Өткізу мерзімі: 08.09.2022 жыл.
Өткізу нысаны: оқыту семинары.
Мақсатты аудитория: Нұр-Сұлтан қаласы мектептері мен колледждерінің педагог-психологтері.
Мақсаты: білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтеріне оқу жылының басында білім алушылардың табысты бейімделуіне жағдай жасау үшін іс-шараларды жоспарлауда әдістемелік көмек көрсету.
Офлайн форматында өтетін орны: Мәңгілік Ел көшесі,55/13, 3-қабат, конференц зал, Нұр-Сұлтан қаласы, колледж (педагог-психологтеріне)
Онлайн форматта өткізу: Zoom платформасында, (мектеп педагог – психологтеріне)
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» жұмысы аясында 08.09.2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы колледждері мен мектептерінің педагог-психологтеріне арналған оқыту семинарларын:
«Бірінші курс студенттерінің колледжге сәтті бейімделуіне жағдай жасау»; «Оқу жылының басында мектепке сәтті бейімделуге жағдай жасау» тақырыптарында өткізеді.
Оқыту семинарларында қарастырылатын сұрақтар:
1. Бейімделу процесінде жан-жақты психологиялық-педагогикалық қолдау.
2. Оқу жылының басында білім алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау.
3. Жасалған қорытындылар негізінде оқытушылар мен ата-аналарға ұсыныстар ұсыну.
4. Топтық бірлестіктің дамуына, балалар ұжымдарының қолайлы психологиялық климатын құруға, балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауын арттыруға және алаңдаушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін түзету және дамыту жұмыстары.
5. Педагог пен білім алушының бейімделу кезеңіндегі өзара тиімді қарым-қатынас әдістері.
Семинар соңында педагог-психологтерге дезадаптацияның алдын алу жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар және табысты бейімделуге жағдай жасау бойынша ата-аналармен және педагогтармен жұмыс жүргізу үшін презентациялық материалдар ұсынылады.
Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» ДДжПСО сайтынан алуға болады.