«Сәтті бейімделуге жағдай жасау»   оқыту семинары

Өткізу мерзімі: 08.09.2022 жыл.

Өткізу нысаны:  оқыту семинары.

Мақсатты аудитория: Нұр-Сұлтан қаласы мектептері мен колледждерінің педагог-психологтері.

Мақсаты: білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтеріне оқу жылының басында білім алушылардың табысты бейімделуіне жағдай жасау үшін іс-шараларды жоспарлауда әдістемелік көмек көрсету.

Офлайн форматында өтетін орны: Мәңгілік Ел көшесі,55/13, 3-қабат,  конференц зал, Нұр-Сұлтан  қаласы, колледж (педагог-психологтеріне)

Онлайн форматта өткізу: Zoom платформасында,  (мектеп педагог – психологтеріне)

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының  психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» жұмысы аясында 08.09.2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы колледждері мен мектептерінің педагог-психологтеріне  арналған оқыту семинарларын:

«Бірінші курс студенттерінің колледжге сәтті бейімделуіне жағдай жасау»; «Оқу жылының басында мектепке сәтті бейімделуге жағдай жасау» тақырыптарында өткізеді.

Оқыту семинарларында қарастырылатын сұрақтар:

1. Бейімделу процесінде жан-жақты психологиялық-педагогикалық қолдау.

2. Оқу жылының басында білім алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау.

3. Жасалған қорытындылар негізінде оқытушылар мен ата-аналарға ұсыныстар ұсыну.

4. Топтық бірлестіктің дамуына, балалар ұжымдарының қолайлы психологиялық климатын құруға, балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауын арттыруға және алаңдаушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін түзету және дамыту жұмыстары.

5. Педагог пен білім алушының бейімделу кезеңіндегі өзара тиімді қарым-қатынас әдістері.

Семинар соңында педагог-психологтерге дезадаптацияның алдын алу жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар және табысты бейімделуге жағдай жасау бойынша ата-аналармен және педагогтармен жұмыс жүргізу үшін презентациялық  материалдар  ұсынылады.

Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» ДДжПСО сайтынан алуға болады.