«Мектеп медиациясының психологиялық-педагогикалық негіздері»  оқыту семинары

Өтетін орны: Нұр-сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 56/1, № 85 мектеп-лицейі.

Өткізу мерзімі: 06.09. – 08.09.2022 жыл.

Өткізу нысаны: оқыту семинары

Мақсатты аудитория: құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер.

Мақсаты: балалардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының теріс әсерінен және әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларынан қорғауға ықпал етуге бағытталған елордалық білім беру ұйымдарында мектептегі Медиация қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жандандыру.

Сағат саны: 24 сағат

Дәрістер:                            10 сағ.

Практикалық сабақтар:     6 сағ.

Интерактивті сабақтар:     2 сағ.

СӨЖ:                                   6 сағ

Жетекші дәріскер: «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, п. ғ. д., с. ғ. д., профессор – Тесленко Александр Николаевич

Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлескен жұмыс шеңберінде «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімі 2022 жылдың 06–08 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі менеджерлері, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және әлеуметтік педагогтарына арналған  «Мектеп медиациясының психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

            3 күндік оқыту семинарында 3 модульден тұратын сұрақтар қарастырылады:

            Модуль 1. «Жанжалсыз коммуникация негіздері»: «Қарым-қатынас психологиясы: функциялары, құрылымы, жүйелері, тосқауылдары» тақырыбындағы дәріс; «Бейвербалды коммуникация құпиялары» бейне-практикумы; «Қарым-қатынас білгірі» тиімді қарым-қатынас тренингінен тұрады.

Модуль-2. «Конфликтология негіздері»: «Конфликт әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде» дәрісінен және «Стресс-менеджмент конфликтілік жағдайлардың алдын алу құралы ретінде» практикалық сабағынан тұрады.

Модуль-3. Семинар қатысушыларына «Медиация даулар мен жанжалдарды реттеу технологиясы ретінде» тақырыбындағы дәріс, қалпына келтіру медиациясы дағдыларын қалыптастыру бойынша тренинг және «Мектептегі татуласу қызметінің құрылымы және ұйымдастырылуы» практикалық сабағы. Одан соң «Жанжалды жағдайларды медиативтік әдістермен шешу» практикум-сынақ және «Елордалық білім беру ұйымдарындағы мектеп медиациясы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілдеді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» ДДжПСО алуға болады, Мәңгілік Ел көшесі, 55/13, С 2.1 блок, e-mail- astanadaryn@mail.ru, Телефоны: 8 777 116 5115.