Дүниежүзілік стандарттар күнін мерекелеуіне орай

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 09.08.2022 жылғы №01-05/11781 хаты негізінде Қазақстан стандарттау және метрология институты (бұдан әрі-ҚазСтандарт) ағымдағы жылы Дүниежүзілік стандарттар күнін мерекелеуіне орай 2022 жылғы 14 қазанда мемлекеттік және орыс тілінде әзірлеу бойынша мектеп олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
Олимпиаданың форматы – онлайн,олимпиаданың өткізілетін күні – 2022 жыл 13 қазан, барлық орта және жоғарғы сынып оқушылары қатыса алады (5-11сынып).
Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау Нұр-Сұлтан қаласы, «Л.М.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ базасында өткізіледі.
Олимпиаданың негізгі міндеті оқушыларды нормативтік құжаттарды, атап айтқанда берілген тақырып бойынша стандартты әзірлеуге тарту болып табылады.
Олимпиада жеңімпаздары Оңтүстік Кореядағы халықаралық олимпиадаға Қазақстан Республикасының атынан ағылшын тілінде қатысуға мүмкіндік алады.
Қызығушылық танытқан жағдайда, қатысушылардың кандидатураларын қоса берілген нысанға сәйкес кандидат туралы ақпаратты d.mukasheva@ksm.kz электронды мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.
Олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Өтінімдерді қабылдағаннан кейін ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап zoom платформасында стандарттарды әзірлеу бойынша олимпиада кандидаттарына оқыту сабақтары өткізіледі.
Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 7172 28 2931, 8 701 553 8323.