«Білім беру бағдарламасы аясында дарындылықты дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар»

2022 жылдың 23 тамызы күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы                    базасында білім беру мекемелері директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Білім беру бағдарламасы аясында дарындылықты дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» секция отырысын өткізді.

            Секция жұмысына 83 директор орынбасарлары қатысты. Білім беру сапасын арттыру бойынша нақты кейстерді, дарынды балалармен мәселелер мен перспективаларды анықтау мүмкіндігін талқылау, ұйымдастыру-әдістемелік мазмұнды жаңарту, дарынды балалармен жұмыс жүйесін жақсарту үшін практикалық тәжірибе алмасу үшін білім беру мекемелері директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарларына, білім беру ұйымдарының педагогтеріне диалог алаңын ұсыну – атаулы шараның басты мақсаты.
            Секция отырысын Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Аманкельдиева Асыл Аманкельдиевна өз алғысөзімен ашты. «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы дарынды балалармен жұмыс жүйесін дамытудағы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының рөлі туралы айтты. 
            Педагогикалық кеңес ток-шоу форматында өтті, бұл әркімге өз пікірін білдіруге және қатысушылардың өз ой-пікірімен бөлісуге барынша мүмкіндік берді. ZOOM платформасы арқылы Кусаинова Лаззат Абаевна мектеп оқушыларының ғылыми дағдыларының әлеуетін дамытудағы ғылыми сауаттылық туралы, жас ұрпақтың ғылым саласындағы ынтасын қорғау және ынталандыру шарттары,  ғылым, ынтымақтастық пен алмасу механизмін құру мен ғылыми сауаттылықты арттыру туралы қатысушыларға онлайн форматта пайдалы ақпарат берді.

         Astana IT University, Біліктілік және кемелдік орталығының директоры

Токсанов Сапар Нурахметулы бағдарламалау олимпиадасында – «AITU icode» оқушылардың тәлімгерлік қолдауды көбірек қажет ететінін тілге тиек етіп, республикалық бағдарламалау олимпиадасының ерекшеліктері туралы сөз қозғады. 
            Шалқарбеков Санжар Жақсыбекұлы робототехника саласындағы негізгі өнімдер мен «ROBOTEK.KZ»  мектебі оқушыларының жетістіктеріне тоқталып, дарынды балалардың қалай тәрбиеленетіні туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
            «Edlight Academy» білім беруді қолдау орталығының өкілі Ілияс Сакимов те олимпиада және жаттықтырушы ретінде оқушыларды пәндік олимпиадаларға сапалы дайындауды ұйымдастыру, мұғалімдермен жұмыс жасау бойынша өз тәжірибесін ортаға салды.

 Секция барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық және республикалық кезеңдерінің жалпы қорытындысы айтылды.  Секция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар рефлексия жүргізді. Іс-шараның креативтілігі ескеріліп, секция жұмысы туралы тек оң пікірлер айтылды.

 Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары директорларының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларын марапаттау рәсімімен аяқталды.

         Жаңа оқу жылы қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз!