Ұлттың байлығы оның экономикалық және табиғи ресурстарында емес, болашақ ұрпағында. Болашақта ел тағдырын айқындайтын – зияткерлік дарынды балалар – көшбасшылар.
Елордалық мектеп оқушыларының сәтті өнер көрсетуі – бізде талантты, ізденімпаз, мақсатты жастардың бар екендігінің тағы бір дәлелі, бұл қаламыздың, бүкіл еліміздің болашағы зор екенін білдіреді!
Дарындылық 1 пайыз дарындылық, 99 пайыз еңбекқорлық дейді. Мұны біздің ұлағатты мектеп оқушыларының мысалында көруге болады.
Солардың бірі: Сам Фетуллах SPECTRUM халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы. Фетуллах математикадан барлық халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері.
Жас математиктің қоржынында 18 медаль бар, оның ішінде: 8 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль.
Фетхулланың өзі халықаралық «Spestrum» мектебінің 12-сынып оқушысы.
– математика, физика және информатика бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын жүлдегері.
– Математикадан «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасының алтын жүлдегері.
- Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының алтын жүлдегері
– Математика пәні бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының алтын жүлдегері - IMO 2022 халықаралық математикалық олимпиадасының күміс жүлдегері!
Бұл тамаша табыстар жарқын жеңістер мен елеулі жетістіктер қатарының тамаша бастамасы болсын!