«Елбасы медалі» жобасының елордалық 110 қатысушысы алтын, күміс және қола деңгейлерінің иегерлері атанды

2020 жылы Қазақстанда жаңа ұлттық жоба – «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды, оған 14-29 жас аралығындағы жас және белсенді қазақстандықтар қатысты.

        «Елбасы медалі» – спорт, дарын пен дағды, кітап оқу, ерікті (волонтерлік), ұлттық мұра бағыттары бойынша белгілі бір талаптарды табысты орындағаны үшін жеңімпаздарға берілетін ерекшелік белгісі.

Бұл жобаның мақсаты – жас дарынды ұлдар мен қыздарды қолдау,  жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, мақсат қоя білу және оларға қол жеткізу.

«Елбасы медалі» бағдарламасы бірнеше деңгейден тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір жасқа сәйкес келеді және оның өту кезеңі бар: Қола деңгей – 14 жас, 6 ай қатысушылары; Күміс деңгей – 15 жас, 12 ай қатысушылары; Алтын деңгейі-16 жас, 18 айдан кем емес қатысушылар.

          Жобаның барлық бағыттары бойынша тапсырмаларды табысты орындаған қатысушылар Елбасының алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

        2022 жылы 28 маусымда Елбасы академиясы алтын, күміс және қола деңгейлердегі «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен марапаттау рәсімін өткізді.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы музейінің залында өткен салтанатта ұлттық жобаның  елордалық 110 қатысушысы медальмен марапатталды, оның ішінде : Алтын деңгей – 7 , Күміс деңгей – 8 және қола деңгейі – 95.