Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы

2022 жылдың 10 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Мақсаты: Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыдан ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.

Олимпиадаға елордалық 10 мектептен (№№1 МЛ, 37 МЛ, 59 МЛ, 66 МЛ (3), 70 МЛ, 73 МЛ, 76 МЛ, 84 МЛ, 92 МЛ, Binom school Turan) 12 оқушы  қатысты. Нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

Бас жүлде -1 (№76 МЛ);

І орын -2 (№59 МЛ, №66 МЛ);

ІІ орын – 4 (№66 МЛ, №70 МЛ, № 73 МЛ, Binom school Turan);

ІІІ орын -3 (№1 МЛ, №66 МЛ, №92 МЛ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!