Елордалық команда үздік деп танылды!

Республикалық физика-математика мектебінің 50 жылдық мерейтой аясында Алматы қаласында республика мектептері арасында математикалық жекпе-жек өткізді. Бүкіл республикадан 16 команда математикалық жарысқа қатысты.

Елордамыздағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің командасы бірде-бір жеңіліске ұшырамай, жоғары нәтиже көрсетіп, республикадағы ең үздік команда деп танылды!

БИЛ оқушыларын және олардың ұстаздарын құттықтаймыз және болашақта да жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!