3-5 сынып оқушыларына арналған «Scratch – бағдарламалау» зияткерлік- шығармашылық байқауы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылдың 14 сәуірінде №59 мектеп-лицейімен бірлесе отырып 3-5 сынып оқушыларына арналған «Scratch – бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.

           Байқау мақсаты – балалардың зияткерлік-шығармашылық бастамаларын дамыту, «Sсratch-бағдарламалау» саласында өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыру үшін білім алушыларға жағдай жасау.

Байқауға мектептерден екі окушыдан тұратын 3 команда (әр сыныптан  2 оқушыдан) қатысады.

        Конкурстың өтетін күні: 14.05.2022

        Өтетін орны: №59 мектеп-лицейі (Сауран, 5)

        Тіркелу уақыты: 09.30-09.45

        Басталу уақыты: 10.00-14.00