«Балалар мен жастардың дарыны мен қабілетін дамыту құралы ретіндегі әлеуметтік әріптестік» атты республикалық семинар

2022 жылдың 5-6 мамыр күндері Шымкент қаласында «Балалар мен жастардың дарыны мен қабілетін дамыту құралы ретіндегі
әлеуметтік әріптестік» тақырыбындағы республикалық семинар өтуде. Семинар жұмысына «Дарын» аймақтық орталықтары мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысуда. Нұр-Сұлтан қаласының өкілі ретінде «Астана дарыны» орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы қатысып жатыр.
Семинар барысында дарынды балалармен жұмыс жасаудың бірыңғай жүйесі бойынша мәселелер талқылануда, сондай-ақ жастармен жұмыс жасау бойынша жаңа жобалар, «Қабілет» өңірлік қызметінің жұмысы ұсынылып, өңірлік орталықтар дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісуде.