2022 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Балалар жылына арналған іс-шаралар шеңберінде «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және өмірлік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында брифинг өтеді.
Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, С2. 1 блогы., ЭКСПО ғимараты, 3 қабат, конференц-зал.
Брифинг форматы: офлайн, орталықтың Youtube каналынан тікелей көрсетілім ұсынылады.
Брифингтің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және өмірлік дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтың білімін, мектеп педагог-психологтерінің жұмысын жетілдіру.
Брифингті ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, «Вilim Foundation» ҚҚ.
Өмірлік маңызды дағдылар – оқушыларға басқалармен өнімді қарым-қатынас жасауға және күнделікті өмірдегі талаптар мен өзгерістерді сәтті жеңуге мүмкіндік беретін әлеуметтік адекватты мінез-құлықты қамтамасыз ететін дағдыларының жиынтығы. Бұл дағдылар белгілі бір мәдениеттің ерекшелігіне қарамастан әмбебап болып табылады.
Өмірлік маңызды дағдыларды оқыту салауатты өмір салтын ұстанатын оқушылардың қабілеттерін игеруге және дамытуға, өзінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алуға ықпал етеді.
Брифингке денсаулық сақтау саласының мамандары, психологиялық-педагогикалық және медициналық мамандандырылған жоғары оқу орындарының оқытушылары, орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, БАҚ және қамқоршылық, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысады.