«Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және өмірлік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы брифингтің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы  28 сәуір күні   Нұр-Сұлтан қаласы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Балалар жылына арналған іс-шаралар шеңберінде «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және өмірлік дағдыларын қалыптастыру»  тақырыбында брифинг өтеді.

Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, С2. 1 блогы., ЭКСПО ғимараты, 3 қабат, конференц-зал.

Брифинг форматы: офлайн, орталықтың Youtube каналынан тікелей көрсетілім ұсынылады.

Брифингтің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы  және  өмірлік дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтың білімін, мектеп педагог-психологтерінің жұмысын жетілдіру.

Брифингті ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, «Вilim Foundation» ҚҚ.

Өмірлік маңызды дағдылар – оқушыларға басқалармен өнімді қарым-қатынас жасауға және күнделікті өмірдегі талаптар мен өзгерістерді сәтті жеңуге мүмкіндік беретін әлеуметтік  адекватты мінез-құлықты қамтамасыз ететін дағдыларының жиынтығы. Бұл дағдылар белгілі бір мәдениеттің ерекшелігіне қарамастан әмбебап болып табылады.

Өмірлік маңызды дағдыларды оқыту салауатты өмір салтын ұстанатын оқушылардың қабілеттерін игеруге және дамытуға, өзінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алуға ықпал етеді.

Брифингке денсаулық сақтау саласының мамандары, психологиялық-педагогикалық және медициналық мамандандырылған жоғары оқу орындарының оқытушылары, орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, БАҚ және қамқоршылық, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысады.