Әлемді өзгертетін идеялар

Бүгін, «Астана дарыны» орталығы 22 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларының арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді. Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасында өтеді.
Конкурстың мақсаты – дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыра түсу,оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін дамыту.
Конкурс 3 секция бойынша өтпек:
1-«Жаңғыртылатын энергия –болашақ энергиясы» (физика, техника, Жер және Космос);
2-секция: «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» (химия, биология, экология, медицина);
3-секция: «Архитектура. Құрылыс».