Сәуір айының 14-15 күндері Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары өтті.
Үш бағыт бойынша өткізілген оқуларға Нұр – Сұлтан қаласынан:
- «Айтып өткен ақында арман бар ма?» – М. Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу номинациясына № 24 орта мектебінің 7- сынып оқушысы Байкемелқызы
Әмина қатысып, алғыс хатқа ие болды. - «Жыр эстафетасы» – М. Мақатаев поэмаларын жатқа оқу номинациясына
№ 74 мектеп- гимназиясының 10- сынып оқушысы Бекмағанбет Бауыржан қатысып, алғыс хат иеленді. - «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» – жазба ақындар мүшайрасы номинациясында № 55 орта мектебінің 11- сынып оқушысы Оркенқызы Аяулым қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
Жас дарындар мен жетекшілеріне шығармашылық шабыт тілейміз!