Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының қорытындысы

Сәуір айының 14-15 күндері Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары өтті.
Үш бағыт бойынша өткізілген оқуларға Нұр – Сұлтан қаласынан:

  1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» — М. Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу номинациясына № 24 орта мектебінің 7- сынып оқушысы Байкемелқызы
    Әмина қатысып, алғыс хатқа ие болды.
  2. «Жыр эстафетасы» — М. Мақатаев поэмаларын жатқа оқу номинациясына
    № 74 мектеп- гимназиясының 10- сынып оқушысы Бекмағанбет Бауыржан қатысып, алғыс хат иеленді.
  3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» — жазба ақындар мүшайрасы номинациясында № 55 орта мектебінің 11- сынып оқушысы Оркенқызы Аяулым қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
    Жас дарындар мен жетекшілеріне шығармашылық шабыт тілейміз!