«Жас психолог мектебі» аясында өткен оқыту семинары 

2022 жылдың 14 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімі «Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында жас педагог-психологтерге арналған оқыту семинарын өткізді, тренингке Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің 25 педагог-психологі қатысты.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Т.Сатымбекова мектеп жасындағы дарынды балалардың тұлғалық психологиясының ерекшеліктері, білім беру үдерісінде тиімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңыздылығы туралы сөз қозғады.
№ 38 мектеп-лицейінің педагог-психологі, «Үздік психолог – 2021» қалалық байқауының  II орын жүлдегері тәжірибелі маман  Н. Мейркулова балалармен жұмыста қолдануға болатын қызықты жаттығулар мен техникаларды көрсетті.
Семинарда тренерлер мектепте дарынды балалармен жұмыс жасауда тәжірибелік тәсілдердің стандартты емес элементтерін қолданды.
Барлық қатысушылар семинар тақырыбына қызығушылық танытып, дарынды балалармен жұмыстың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Кері байланыста қатысушылар іс-шараның әдістемелік пайдалылығын атап өтіп, оң әсерлерімен бөлісті.