Мерейдің қоржынында қола медаль!


Венгрияның Эгер қаласында өткен қыздарға арналған еуропалық олимпиаданың қорытындысы шықты.
Қазақстан қыздарға арналған математикалық еуропалық олимпиадаға (EGMO-2022) 6 жыл қатарынан ресми түрде қатысып келеді. Осы жылдар ішінде біздің оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, медальсіз қалған емес.
Әлемнің 57 елінің жас зияткерлерлері қатысқан бұл олимпиадада Қазақстан командасы тізімнің бірінші жартысынан көріне білді (барлық елдер арасында 25-орын). 2 қола медаль және 2 құрмет грамотасы – бұл біздің жас математиктердің нәтижесі!
Нұр-Сұлтан қаласының қоржынында қола медаль. Қола медальді елорда қоржынына салған Haileybury мектебінің 11 сынып оқушысы Мерей Теміржанова (еншісінде 20 ұпай).
«Астана дарыны» орталығы жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін, ата-аналарын құттықтайды!