2022 жылдың 6-8 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бала құқығын қорғау комитетінің басшылығымен балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында, Шымкент қаласының білім беру мекемелеріне әдістемелік десант ұйымдастырылды.
Әдістемелік десант топқа ҚР БжҒ министрінің кеңесшісі Шер Раиса Петровна басшылық етіп, Республиканың әр өңірінен келген мамандар бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасады. «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің аға-әдіскері А.К. Исабекова кәсіби мамандары бар республикалық әдістемелік десант жасағына мүше болды.
«Алматы дарыны» орталығының директоры Ж.Ж. Айтпаеваның жетекшілігімен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Қызылдорда облысының білім саласындағы білікті мамандардан құрылған топ қаланың 10 білім беру мекемелерінің (дарынды балаларға арналған мектептер-2, жалпы білім беретін мектептер-6, есту қабілеті бұзылған балалар және көмекші мектеп – интернаты) жұмысымен танысып, педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді.
Мектеп педагог-психологтердің жұмысымен танысу барысында, анықталған проблемалар бойынша ұсыныстар жасалып, әдістемелік кеңес берілді. Көптеген білім беру мекемелерінде психологиялық қызмет бағыттарының толықтай жүзеге асуы, психолог жұмысындағы жетістік пен нәтиже бар екені анықталды.
А.К. Исабекова «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскер-психологі №45, №133 орта мектептері, «Дарынды балаларға арналған №1 мамандарылған IT лицей-интернаты» және «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты» педагог – психологтерінің тынымсыз еңбегін, жүйеленген жұмыстарын және басқа өңірлердегі психологиялық қызметпен танысып, тәжірибе алмасу нәтижесінде өз жұмысына сыни тұрғыдан талдауға мүмкіндік болғанын атап өтті.