Әлемді өзгертетін идеялар

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 22 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларының арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізетіндігін хабарлайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасында өтеді.
Конкурстың мақсаты – дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыра түсу,оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін дамыту.
Конкурс 3 секция бойынша өтеді:
1-«Жаңғыртылатын энергия –болашақ энергиясы» (физика, техника, Жер және Космос);
2-секция: «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» (химия, биология, экология, медицина);
3-секция: «Архитектура. Құрылыс».
Тіркелу сағат 8.30-дан-9.15-ке дейін.
Ғылыми жоба конкурсына қатысушылардың міндетті түрде макеттері болу керек.
Басталуы сағат 9.30.
Конкурсқа https://clck.ru/emch2 сілтеме бойынша 15 сәуірге дейін оқушыларды міндетті түрде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары тіркеуі тиіс.
Қосымша мәліметті мына мекен-жай бойынша ала аласыздар: «Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел 55/13, пост-5, С2.1, ұ.т.87021228396.