Мерейдің мерейі үстем болсын!

2012 жылдан бастап халықаралық олимпиадалар алаңында қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO) пайда болды.  10 жылға жуық атаулы олимпиада үлкен кеңінен танылды және ауқымы Еуропа елдерінен өзге де мемлекеттерге тарала бастады.

Тек 2019 жылы бұл олимпиадаға әлемнің 49 елінен, соның ішінде АҚШ, Канада, Жапония, Үндістан және т.б. 200 оқушы қыз қатысты.

Қазақстан осы олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді.

Биылғы жылы іріктеу нәтижелері бойынша Haileybury Astana мектебінің студенті Мерей Темирзинова 6-12 сәуір аралығында Эгер (Венгрия) қаласында өтетін EGMO-ға қатысатынын қуана хабарлаймыз.

Оқушы қызымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!