«Біз –бақытты отбасымыз» қалалық бейнероликтер байқауының ашылуы

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Балалар жылы»  аясында  «Біз – бақытты отбасымыз» атты қалалық бейнероликтер байқауының ашылуы 2022 жылы 4 сәуірде онлайн форматта  өтті.

Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік ортасын психологияландыру.

  «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қолдау бөлімінің ғылыми кеңесшісі Тесленко А.Н, әдіскер Бодикова Л.Ж. отбасы туралы негізгі фактілер, отбасын не бақытты етеді,  неліктен сіздің отбасыңыз байқауда жеңіске жетуі керек, отбасы мүшелері ең жақсы болатын өмірдің бір саласын таңдау ережесінің талаптары бойынша ақпарат берді.

Сонымен қатар байқауға байланысты сауалдарға жауап бере отырып, барлық ата-аналарды отбасымен бірге байқауға белсенді қатысуға шақырды.