«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 31 наурызы күні «Жас психолог мектебі» оқыту курсы аясында №65 «Бал бала» балабақшасының базасында «Психолог қызметіндегі инновациялық әдістер» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты:Тәжірибе алмасу арқылы жас мамандардың кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруға ықпал ету.
Семинарға мектепке дейінгі мекемелерден 31 педагог-психолог қатысты.
Балабақша меңгерушісі Г. Диханбаева семинарды алғы сөзімен ашып, балабақшада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жалпы ақпарат берді.
Балабақшаның педагог-психологі Қ. Ергараева «Баланы балабақшада психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында психологиялық қызметтің бағыттары және оларды инновациялық әдістер арқылы жүзеге асыру туралы таныстырылым жасады.
Аталған балабақшаның педагог – психологтері Қ. Ергараева. Т.Упабекова. Н. Тугельбаева ерекше білімді қажет ететін балалар, түзету тобындағы балалар және жалпы топтағы балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде қолданатын дидактикалық материалдарды және өз қолдарымен әзірлеген шығармашылық материалдар топтамасымен және оларды қолдану әдістемесі бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде балабақша педагог-психологтері қатысушылармен «Ертегілер елінде» (тастардан ертегілер құрастыру), «Сиқырлы орман» (құм терапиясын қолдану) тақырыбында топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Топтық жұмыс барысында қатысушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, әрбір қатысушының өз шығармашылығын көрсете алу қамтамасыз етілді.
Психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері, жоғары санатты психолог А.К.Исабекова кері байланыс жүргізді. Қатысушылар тәжірибе алмасудың әдістемелік көмегін ерекше атап, балабақшадағы психологиялық қызмет жұмыс тәжірибесін жас мамандар үшін зерделеп, жинақтап, таратуға ұсыныс білдірді.
Балабақшадағы психологиялық қызмет жүйесінің жаңаша бағытта қалыптасуы педагог – психологтердің тынымсыз, шығармашылықпен еңбек етуінің нәтижесі деп айта аламыз.
Семинар жұмысын өткізуге жоғары деңгейде өткізуге жағдай жасағаны үшін балабақша әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға алғыс білдіреміз.