«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысушылар назарына!

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің өткізілуі туралы 16.03.2022 жылғы №124/07-06 хатына келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды:
1. Жас педагогтер, психологтер мен тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар және магистранттар үшін педагогикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі (тест форматында) 2022 жылдың 6 сәуірінде сағат 10.00 де «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығында өтеді (Мәңгілік Ел 55/13, Блок С 2-1).
2. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер үшін педагогикалық олимпиаданың қалалық қорытынды кезеңі 2022 жылдың сәуір айының 13 күні №8 мектеп- лицейінде өткізіледі (Асан Қайғы көшесі, 56).