«Біз-бақытты отбасымыз» тақырыбында қалалық бейнероликтер байқауы

   Қазақстандағы Балалар жылы аясында балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық жұмысы барысындағы отбасылық тәрбие және олардың   арасындағы  өзара қарым-қатынасты байытудың оң тәжірибесін анықтау мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы 4 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Біз-бақытты отбасымыз» тақырыбында қалалық бейнероликтер байқауын  өткізеді.

          Байқау екі кезеңнен тұрады. 2022 жылғы 12 мамырда Халықаралық Отбасы күні қарсаңында «Ата-аналар клубы» диалог алаңында елорданың ата-аналар қоғамдастығы  үздік жұмыстарының финалдық таныстырылымы өтеді.

          2022 жылғы 4 сәуір күні, сағат 12-00де YouTube-те таратыла отырып, ZOOM онлайн конференция алаңында «Біз – бақытты отбасымыз» тақырыбында қалалық бейнероликтер байқауының ашылуы өтеді. Кіру сілтемесі қосымша жіберіледі

          Байқауға https://forms.gle/XMYu8cfqbQQApiaE6 осы сілтеме бойынша тіркелесіздер (бейнероликті оқу орнының инстаграмм парақшасына  жүктеп, @astana_daryny инстаграмм аккаунтын белгілеп, #astanadarynybakyttyotbasy2022 хештегін жазу керек)