Қазақстандағы Балалар жылы аясында балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық жұмысы барысындағы отбасылық тәрбие және олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты байытудың оң тәжірибесін анықтау мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы 4 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Біз-бақытты отбасымыз» тақырыбында қалалық бейнероликтер байқауын өткізеді.
Байқау екі кезеңнен тұрады. 2022 жылғы 12 мамырда Халықаралық Отбасы күні қарсаңында «Ата-аналар клубы» диалог алаңында елорданың ата-аналар қоғамдастығы үздік жұмыстарының финалдық таныстырылымы өтеді.
2022 жылғы 4 сәуір күні, сағат 12-00де YouTube-те таратыла отырып, ZOOM онлайн конференция алаңында «Біз – бақытты отбасымыз» тақырыбында қалалық бейнероликтер байқауының ашылуы өтеді. Кіру сілтемесі қосымша жіберіледі
Байқауға https://forms.gle/XMYu8cfqbQQApiaE6 осы сілтеме бойынша тіркелесіздер (бейнероликті оқу орнының инстаграмм парақшасына жүктеп, @astana_daryny инстаграмм аккаунтын белгілеп, #astanadarynybakyttyotbasy2022 хештегін жазу керек)