«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім беру мекемелерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 16 -24 наурызы аралығында «Өмірге «Ия» деп айт!» қалалық ақпараттық акция ұйымдастырылып, өткізілді.
Акция ұраны: «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!».
Ақпараттық акцияның мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару.
Қалалық ақпараттық акция іс-шарасына жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушылары, педагогтері, ата-аналары, колледждердің 1 курс студенттері қатысты.
Акция аясында педагог – психологтер «Өмір керемет- қауіпке жол берме!»,«Әлем қандай тамаша!» (1-4 сынып), «Менің құқықтарым мен міндеттерім» (5-8 сынып), «Қауіпсіз интернет» (9-10 сынып) сынып сағаттары, «Сенім телефоны. Қалай көмек сұрауға болады?», «Бейбіт балалық шақ!» (1-8 сынып), «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?» пікірталасы (9-11сынып), «Қиындықтан қалай қорғануға болады?» ойын шеберханасы (11 сынып), «Өмір, мен сені сүйемін!» такырыптарында, колледждің 1 курс студенттері арасында «Өмір керемет, босқа қауіп төндірме!» дебаттық турнир, «Мен өмірді сүйемін!» челленджі, «Біз бақытты баламыз!» флешмобы, ата -аналарға арналған «Біз өмірді таңдаймыз!» тренингін өткізді.
Ата – аналардың балаларды жағымсыз ақпараттан қорғау, олардың денсаулығына зиян келтіретін насихат пен үгіттеуден хабардар болуын арттыру мақсатында «Ата-ана бақылауы», «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жиналыстар өткізілді.
Бағдарламаға сәйкес «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің психологтері (А.Н. Тесленко., Исабекова А.К., Сатымбекова Т.С., Бодикова Л.Ж., Хамзина К.М) жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын-алу мақсатында №№8,20,29,41,44,47,50,61,72,76,83 мектептерде оқушылар, ата – аналар және педагогтар үшін «Балалардың интернет желісіндегі қауіпсіз мінез – құлқы» тақырыбында вебинарлар, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіп, психологиялық кеңестер берді.
№ 52 мектеп- гимназиясы және «Астана» халықаралық университетінің педагогикалық колледжі базасында оқушылар мен студенттердің қатысуымен «Өмір, мен сені сүйемін!», «Біз бақытты баламыз!» ұранымен акция жұмысы қорытындыланды.
Барлық өткізілген іс-шаралар оқушылардың жеке өзін-өзі анықтауына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге, қиын жағдайларда таңдау жасай білу қабілетін дамытуға, балалардың құқықтары туралы қоғамның құқықтық хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ балалардың әлеуметтік ортаға теріс әсер етуі жағдайында көмектің ықтимал нысандары туралы білімін жетілдіруге пайдалы болды деп айта аламыз .
Қалалық акция аясында іс-шараларды өткізуге жалпы орта білім беретін №№4,10,13,20,21,27,29,30,32,33,34,36,37,38,41,44,46,47,49,50,51,52,53,54,57,61,62,63,72,76,81,82,83,84,87,88,91 мектептері және «Даналық», Кәсіптік -техникалық, Құрылыс-техникалық, Қоғамдық тамақтандыру және сервис, Жоғары сауда-экономикалық және «Астана» халықаралық университетінің педагогикалық колледждері белсенді қатысты.
Іс-шараның бастамашысы болып, оны қызықты да мазмұнды етіп өткізген педагог – психологтердің шығармашылығын ерекше атап, алғыс білдіреміз.
Мектепте оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен кеңес беру, түзету жұмыстары тоқтатылмайды, психологиялық көмек көрсету жұмысы жыл бойы жүргізіліп отырады.