Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін ұйымдастыру және өткізу

Мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуына бағытталған көптеген жұмыс әдістерінің ішінде пәндік олимпиадалар ерекше орын алады.

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаты – жас зияткерлерді анықтау және қолдау, түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары сапалы өнер көрсету үшін олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Олимпиада мүмкіндігінше ашық өткізіледі, барлық оқушылар тең және әркім өз білімінің көмегімен ғана жүлделі орын алу мүмкіндігіне ие.

Олимпиаданың қалалық кезеңі 24 наурыз 2 бағыт бойынша басталады:

  • 24-25 наурыз  – жаратылыстану-ғылыми бағыт;
  • 28-29 наурыз – қоғамдық-гуманитарлық бағыт.

Қалалық кезеңге 9-11 сыныптарда оқитын 1436 оқушы қатысады.