«Дарынды балаға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дарынды балаға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының іріктеу кезеңін өткізетіндігін хабарлайды (бұдан әрі-Олимпиада).
Олимпиадаға қатысушылар 4 саты бойынша төмендегі сілтеме арқылы тіркеле алады:
І саты – білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары, әр мектептен
8 оқушыдан аспайтын командалық топ (Сілтеме: https://goo.su/UfzB );
ІІ саты – педагогикалық университет, институт студенттері (ІІ- ІV курс), педагогикалық коледждің жоғары курс студенттері (Сілтеме: https://goo.su/UfzB);
ІІІ саты – магистранттар (Сілтеме: https://goo.su/5ChRd);
ІV саты – жас педагогтер, психологтер мен тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар (Сілтеме: https://goo.su/5ChRd).
Ескерту:

  • сілтемелер арқылы тіркелу мына аралықта жүргізіледі: 16.03.2022 ж.
    сағат 15.00 ден 18.03.2022 ж. сағат 18.00 дейін;
  • қатысушылардың (жас педагогтер, психологтер мен тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар) еңбек өтілімі 5 жылдан аспауы тиіс;
    • соңғы 3 жылда Олимпиадаға қатысқан мамандар қатыса алмайды;
    • олимпиаданың қорытынды кезеңіне іріктеуден өткендер қатысады.