«Бестемше» деп аталатын қазақтың ежелгі ұлттық ойыны қайта жаңғырды

     «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып, балалардың ойлау қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту мақсатында 2022 жылдың 18 наурызында №61 «Шолпан» балабақшасында зияткерлік  «Бестемше»  ұлттық ойыны жарысын ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды. І қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны «Бестемше» ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде пайдалану» алаңына кіретін мектепке дейінгі 13 (№5 «Ақ бота»,№24 «Айналайын»,№25 «Таңшолпан»,№44 «Үркер»,№48 «Ақ көгершін»,№49 «Алтынай»,№51 «Алтын сандық»,№61 «Шолпан», №65 «Бал бала», №71 «Мөлдір», №77 «Қошақан», №79 «Шабыт», №85 «Мейіржан») білім беру мекемелеріндегі мектепалды даярлық топтары арасынан  балабақша ішіндегі іріктеу кезеңінен өткен тәрбиеленушілердің қатысуымен өтеді.