Балалар жылы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың саясатын қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті білім беру форматында – «Жаңа мүмкіндіктер мектебі» пилоттық жобасын іске асыруды бастады.
Жоба аясында 2022 жылдың 10 наурыз күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Co-Make» қоғамдық қоры бірлесіп №65 мектеп-гимназиясында автоматтандырылған психодиагностика және коррекцияға арналған «Амалтея» заманауи жабдығымен жабдықталған инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды.
«Жаңа мүмкіндіктер мектебі» жобасының мақсаты – «АМАЛТЕЯ» автоматтандырылған компьютерлік жүйелері негізінде білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін мектептерде қолжетімді орта қалыптастыру. Салтанатты іс-шараны № 65 мектеп- гимназиясының Хореографиялық «Бисеры» тобы әдемі «Көктемгі вальсімен» ашты, жас әнші, қалалық конкурстардың қатысушысы, 6-сынып оқушысы Ескинеев Амаль тамаша ән орындады, 10-сынып оқушысы Хан Валерия вокал номинациясында халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдердің жүлдегері, қонақтарға авторлық әнін сыйлады. «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Ғ.Қ. Тұрсынов әр бала үшін, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін инклюзивті білім беру форматында балалармен жұмыс жасаудағы инновациялық тәсілдердің маңыздылығын атап өтті. «Co-Make» қоғамдық қорының директоры И.А. Калюжная пилоттық жобаны енгізу бастамасын қолдаған «Астана дарыны» орталығына алғысын білдірді. «Co-Make» қоғамдық қорының маманы Г. К. Капанова «Амалтея» инновациялық құрал-жабдықтары бойынша балаларға арналған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Гимназия мектебінің директоры Н. Ж. Елекеева мектеп кабинетіне арналған құрал-жабдықтар мен диагностикалық түзетудің жаңа мүмкіндіктерін автоматтандырылған бағдарламалары үшін шынайы алғысын білдірді.
Бұл жоба педагогтардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.