2022 жылдың 2 наурызында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің педагог-психологі К. М. Хамзина Нұр-Сұлтан қаласының №61 орта мектебінде «Өмірге ИӘ деп айт!» атты қалалық акция аясында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: Топты біріктіру және тиімді командалық өзара іс-қимылды құру. Арнайы ұйымдастырылған жаттығулар жүйесі және өзара сыйластық, сенім және ынтымақтастық ортасын құру арқылы ұжымның бірлігін дамыту.
Тренингтік сабақ 2022 жылдың 2 наурызында 10-сынып оқушыларымен өткізілді. Тренингке 25 оқушы қатысты. Сабақ ойдағыдай өтті.
Оқушылар белсенділік танытып, қарым-қатынасқа ашық болды, бірден жұмысқа кірісті, сұрақтарға жақсы жауап берді. «Балауыз таяқшасы» тақырыбындағы бір-біріне деген сенімділікті арттыру жаттығуы бәріне ұнады, онда әркім шеңбердің ортасына барғысы келді, бірақ бәрінде бірдей бір-біріне деген сенім ұяламады, соның ішінде үшеуі тыс қалып, сенімсіздік білдірді, дегенмен соңында олар қызығушылықтарын танытып, әрқайсысы жаттығудың қатысушысы болды.
Балалар тренингте сабақтың қозғалмалы түрлеріне белсенді қатысты, сабақтың бұл түрі тактильді бірлікте ең белсендісі ретінде бағаланды.
Сондай-ақ, оқушыларға жаттықтырушымен, яғни психологпен еркін тақырыптағы әңгіме ұнады, онда олар қызықты сұрақтар қойып, жүргізушінің жауаптарын және сыныптастарының пікірлерін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Әңгіме достық атмосферада өтті, онда жақсы және сенімді жағдай сезілді.
Сабақты қорытындылау. Әрбір қатысушыға сабақ барысында бастан кешкен сезімдерін, жүргізушіге тілектерін білдіруге, сондай-ақ туындаған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді. Сабаққа қатысушылар шеңберде отырып, кезекпен ұсынылған сөз тіркестерін жалғастырды: «Мен түсіндім…», «Мені таң қалдырды…», «Сездім…», «Деп ойлаймын…», «Маған ұнады…»және т. б.
Қатысушылар рефлексияға белсенді қатысты. Өз эмоцияларын шын көрсете білді. Жаттығу соңында талқылау болды және талдау жасалды. Келесі кездесуді асыға күтетіндерін білдірді.
Мектеп- лицейдің психологі мен педагогтары осы ұжым үшін өзара әрекеттесудің жаңа формасының жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін атап өтті.