«Өмірге «Иә» деп айт!» қалалық акция аясында өткен семинар

2022 жылдың 22 ақпанында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің жоспарына сәйкес «Өмірге «Иә» деп айт!» акция аясында № 29 орта мектебінің ата-аналарымен «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында семинар өтті. Семинарға 20 ата-ана қатысты.
Семинардың мақсаты: ата-аналар қоғамдастығының назарын жас буынды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан және қатыгез қарым-қатынастан қорғауға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың теріс әсеріне аудару.
Модератор «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко ата-аналарды қатыгездіктің негізгі нысандарымен физикалық, жыныстық, психикалық зорлық-зомбылық, қамқорлықтың болмауы, олардың белгілері, балалардың жеке дамуы үшін себептері және салдарымен таныстырды. Отбасындағы және одан тыс жерлердегі жыныстық зорлық-зомбылық мәселесіне ерекше назар аударылды.
А.Н. Тесленко балаға қатыгездік көрсету ата-аналарды (олардың орнындағы адамдарды) отбасы заңнамасына сәйкес жауапқа тарту үшін негіз болуы мүмкін екенін ескертті. Модератор кездесуге қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.