2022 жылдың 17 ақпан күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен колледж педагог-психологтеріне «Педагогтің эмоционалдық интеллектісін дамыту жолдары» психодиагностикалық бағдарламасымен жұмыс бойынша тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинары өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінен 25 педагог-психолог қатысты.
Семинарда «Даналық» колледжінің педагог-психологі А.С Сейтахметова және «Томирис» педагог-психологі М.У.Әкімиш «Педагогтің эмоционалдық интеллектісін дамыту жолдары» бағдарламасымен жұмыс жүргізу, қолдану тәсілдері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Педагог пен студенттің эмоционалдық интеллектісін анықтауда қолданатын әдістемелердің ерекшеліктеріне тоқталып, бағдарламаны қолдануды тәжірибеде көрсетті. Тренингте эмоцианалдық интелект мәнін анықтау ,олардың бір-бірімен байланысы, ойлау және шешім қабылдау үшін негіз ретінде эмоциалық элементтерді пайдаланды. Психодиагностикалық бағдарламаның тиімділігі, маңыздылығы катысушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Кері байланыста қатысушылар семинардың әдістемелік жағынан пайдалы болғанын айтып, алдағы болатын семинарларға өз ұсыныстарын білдірді.