Нұр – Сұлтан қаласы Білім басқармасының 2022 жылғы 10 ақпандағы №63 бұйрығына сәйкес «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы білім беру қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподағы бірлесіп, 15 ақпан күні №54 мектеп-лицейінің базасында елордалық педагог – психологтерге «Білім беру ұйымдарындағы қақтығыстарды басқару» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға 69 мектептер мен 29 колледждерден барлығы 151 педагог- психолог қатысты.
Аталған семинар үш модуль бойынша өтті:
1. Білім беру ұйымдарында қызметкерлерге қолдау көрсету, қолданыстағы еңбек шарттары, келісімдер, ұжымдық шарттар туралы түсінік берілді.
2. Қалалық «Әділет» кәсіподағының төрағасы Б.Әлиевтің Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінде қорғалған диссертациялық жұмысын сынақтан өткізу және білім беру ұйымдарындағы қақтығыстарды анықтау мен оны шешуде қолданатын әдістер психологтерге көмек ретінде ұсынылды. Семинардың практикалық бөлімінде Б. Әлиев А.Я. Анцуповтың бағалау әдістемесімен және модульдік әлеуметтік тесттің ерекшелігімен, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Бұл әдістеме білім беру ұйымындағы қақтығыстарды басқаруды зерделеуде тұжырымдамалық негіздер мен тәсілді әзірлеуге мүмкіндік беретінін, педагог-психологтің кәсіби біліктілігін арттыруға, ұстанымын нығайтуға көмегі бар екені айтылды.
3. Семинар шеңберінде қатысушыларға еңбек заңнамасының, ҚР «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарының қолданыстағы нормалары, азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша ақылар мен үстемеақылардың жаңа түрлері, сондай-ақ білім беру жүйесінің өзге де заңға тәуелді құқықтық актілері, оның ішінде педагогтарды аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Іс-шара сындарлы диалог форматында өтті. Кездесу соңында педагог- психологтер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.