9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

Бүгін 14 ақпан күні республика көлемінде бір уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасында республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы аудандық кезеңге барлығы 3216 оқушы қатысады.
Олимпиаданың кестесіне сәйкес бүгін оқушылар биология және информатика пәндері бойынша өз білімдерін сынауда.
Олимпиада кезең-кезеңімен Astana IT University базасында өтеді: 9-сынып 10.00-12.00, 10-сынып 13.00-15.00, 11-сынып – 16.00-18.00. (Мәңгілік Ел даңғылы, С 55/13 мекен-жайында) Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған.