Информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысы

2022 жылдың 18 қаңтарында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру мақсатында онлайн форматта информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысын өткізді.
Отырысқа Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Шаниев Ержан Булатович, «Ed-light Аcademy» информатика пәні бойынша жаттықтырушы маманы Тулегенов Максат Касымович және информатика пәнінен оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардан жоғары нәтиже көрсетіп, қауымдастық құрамына енген ұстаздар қатысты.
Қауымдастық төрағасы Шаниев Ержан Булатович шешімімен, мамандандырылған №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің информатика мұғалімі Жумагулова Гүлсара Габдуалиевна хатшы болып сайланды.
Отырысқа қатысушылар тарапынан оқушыларды қалалық, республикалық деңгейдегі олимпиадаларға дайындау мақсатында ұтымды ұсыныстар түсті:

  • соңғы 5 жылдық олимпиада материалдарымен жұмыс жасау;
  • олимпиада кезеңдерінен соң оқушылармен бірлесіп, талдау жасап, осал тұстарымен жұмыс жүргізу;
  • олимпиадаға қатысушыларға көмек көрсету мақсатында бағдарламалар әзірлеп, сол бағытта мұғалімдер қауымы және оқушылармен жұмыс жүргізу.