«Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» семинары

2021 жылғы желтоқсан айының 27 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы география пәні мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жалпы білім беру пәндері олимпиадасының нәтижесі бойынша «Астана дарыны» ДДжПСО-ның рейтингіне енген 35 елордалық мектептерден 50 география пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарға қатысушылар география пәні бойынша республикалық олимпиаданың І-ІV кезеңдерін ұйымдастыру мен өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтармен танысты. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және STEM- технологиялар зертханасының меңгерушісі, г.ғ., профессоры, «Edlight Аcademy» орталығының әдіскері мен №№ 62, 72 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылрға және тәжірибесімен бөліскен спикерлерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы атынан сертификат беріледі.