5-6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиада республикалық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау

2021 жылдың 29 желтоқсанында ЭКСПО конференц-залында математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі, жаратылыстану пәндерінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміөтті.

Республикалық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласынан   қалалық кезеңнің жеңімпаздары атанған 18 оқушы (5-сыныптар – 10, 6-сыныптар – 8) қатысты. Оның ішінде 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

«Астана дарыны» ДДжПСО директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы оқушылар алдында құттықтау сөз сөйледі.

Ғаждембек Қуанышұлы балаларды Олимпиададағы үздік көрсеткіштерімен құттықтап, оларға жемісті жеңістер тіледі және олардың педагогтары мен ата-аналарына алғысын білдірді.

Олимпиадада табысты өнер көрсеткен жас зияткерлер «Дарын» РҒПО дипломдарымен және түрлі деңгейдегі медальдармен марапатталды:

І орын:

Миразимов Сайдамин, 5 сынып

№62 МЛ-орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі;

Курман Мади, 5 сынып Х. Ж. Садуақасов атындағы Елордалық мектебі-орыс тілі;

Искакова Амина, 5класс №83 МГ-қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі;

Бекім Мерей, 6 сынып, №59МЛ-жаратылыстану.

ІІ орын:

Ағыбаев Ануар, 6 сынып №66 МЛ-математика;

Сайдигани Рамазан, 5 сынып, №67 Г-қазақ тілі.

 ІІІ орын:

Косырев Ярослав, 6 сынып, экономикалық лицей-орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі;

Кусаинбеков Айтур, 5 сынып, экономикалық лицей;

Искаков Нуртас, 6 сынып, №85МЛ-Қазақстан тарихы;

Айтжанова Ания, 6 сынып, №82 «Дарын» Л-қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі;

Сабыржан Айша,  6 сынып, №56МЛ-қазақ тілі;

Қожахмет Маулен, 5 сынып, «Нұрорда»  лицейі-жаратылыстану;

Арыстанбек Айша, 5 сынып, №82 «Дарын» Л.-жаратылыстану;

Ягмуров Ален, 5 сынып «Орталық экономикалық мектебі.

Олимпиаданың барлық қатысушылары «Дарын» РҒПО сертификат алды.

                   Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің педагогтары мен ата-аналары «Астана дарыны» ДДжПСО Алғыс хаттарына ие болды.

            Елордалық жас дарындарды, сондай-ақ олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаймыз!   

ФОТО сілтеме арқылы жүктеңіз!

https://drive.google.com/drive/folders/1b_ewuuUqcQXy-E5CcRpmzRH1YYUsGrMl?usp=sharing